Accessibility links

Өзбек билігіне қысым күшеюіп жатыр


ЛЮКСЕМБУРГ. Еуроодақ сыртқы істер министрлері егер ресми Ташкент маусымның соңына дейін Әндіжандағы қантөгісті тәуелсіз түрде тергеуге келіспесе, онда Өзбекстанға қарсы шара қолданылуы мүмкін деп мәлімдеді. Еуроодақтың келесі басшысы Бенита Ферреро-Уалднер Әндіжандағы қантөгістің тәуелсіз тергелуі халықаралық қауымдастық пен Өзбекстан халқы үшін маңызды деді.

- Өзбекстан билігі халықаралық тәуелсіз тергеу жұмысын атқаруға мүмкіндік беруі тиіс. Өзбек халқы Әндіжанда расында не болғанын білуі керек, - деді Уалднер ханым.

Егер Өзбек үкіметі Еуроодақтың бұл шақыруынан бас тартатын болса, онда Еуроодақ елдері Өзбекстанмен ынтымақтастық бойынша келісімдерін доғаруы мүмкін деп атап көрсетті Люксембург сыртқы істер министрі Жан Асселборн.

Мамырдың 13-і күні Әндіжанда үкімет әскерлері наразылық танытушыларға оқ атқан болатын. Ресми Ташкент 173 адам мерт болды десе, ал құқық қорғаушылар мыңға жуық адам қаза болды дейді.
XS
SM
MD
LG