Accessibility links

МАГАТЭ: “Өзінің уранды байыту өндірісі бойынша Иран толық мәлімет бермей отыр”


ВЕНА. Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің дүйсенбі күні үшінші мерзімге қайта сайланған Бас директоры Мухаммад Әл-Баради бүгін өзінің уранды байыту өндірісі бойынша Иран толық мәлімет бермей отыр деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Теһран бірқатар қосымша мәлімет берді, бірақ олар қалған бірнеше сауалға толық жауап бермейді. Байытылған уранды ядролық қару жасауға пайдалануға болады. М.Әл-Баради Иранды МАГАТЭ-нің инспекторларын өзінің Парчиндегі әскери нысанына тағы да жіберуге шақырып, инспекторларды Лавизан-Шиан нысанына жіберу керектігін атап көрсетті.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG