Министр Қасымжомарт Тоқаев бүгін Алматыда ашылған халықаралық іскерлік форумында осылай деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Америка Қазақстанға шетелдік инвестицияның 50 процентін беріп отыр, сол себепті де Астана американдық экономикалық мүдделерді заңдылық және басқа да жолмен қорғайтын болады деген. Тоқаев мұнымен қатар Қазақстан жақында дағдарыстар мен қиыншылықтарды бастарынан өткерген Қырғызстан мен Өзбекстанға да қол ұшын беріп, көмектесуге дайын деді. Сыртқы істер министрі Қазақстанның Ауғанстан экономикасына инвестиция салуға дайын екендігін және бұл тұрғыда Ауған үкіметіне ұсыныстар тізбегі жасалғандығын да айтып өтті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?