Accessibility links

Өзбекстан ресми басшылығының соңғы есебі бойынша, өткен айда Әндіжанда болған қантөгісті қақтығыста қаза тапқандардың саны 176 адамға жетіпті


Бас прокурордың орынбасары Әнуар Нәбиевтің айтуынша, 13 мамырда Әндіжанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде қатардағы азаматтардан кемінде 45 адам қаза тауыпты. Ал адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар қазаға ұшырағандар саны 750-ге дейін жетеді дегенді айтады, бірақ ондай мәліметті Өзбекстан ресми үкіметі теріске шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG