Accessibility links

Қырғызстанның уақытша бас министрінің орынбасары Данияр Үсенов ел астанасындағы жағдай біршама тұрақтандырылды деп айтты


Президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелмей қалған кандидаттың жақтастары бүгін ертемен Ақ үйге басып кіріп алған болатын. Полиция оларды сыртқа шығарғаннан кейін де ғимарат алдында көп адам жиналып тұрып алған. Қорғаныс министрінің орынбасары Исмаил Исаков бұл төтенше жағдайда полиция наразылық білдірушілерге қарсы қару қолданған жоқ деп айтты.

Ереуілдеушілер 10 шілдеде өтетін президент сайлауына кәсіпкер Ұрматбек Барықтабасовтың үміткер ретінде тіркелуін талап етуде. Билік тарапы болса Барықтабасовты сайлау заңын бұзды деп оны тіркеуден өткізбеген болатын. Қырғызстанның уақытша президенті міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев бүгінгі тәртіпсіздіктерді бұрынғы президент Асқар Ақаев пен оның жақтастары ұйымдастырды деп айыптады. Ол бұл ереуілдерді қаржыландырған Ақаевқа жақын қазақстандық азамат дейді.
XS
SM
MD
LG