Accessibility links

Қырғыз тергеушелері келесі аптада Асқар Ақаевтан жауап алады


Қырғызстан бас прокуроры Әзімбек Бекназаров тергеушілер келесі аптада Мәскеуге барып, бұрынғы президент Асқар Ақаевтан және оның әйелі Майрамнан жауап алады деді.

- Ақаевтың адвокаты Максим Максимович Қырғызстанның Мәскеудегі елшілігінде кездесуге келісті, - деді қырғыз бас прокуроры.

Асқар Ақаев 24 наурыз күні халық наразылынан соң биліктен кеткен болатын, қазір ол Мәскеуде тұрып жатыр. Қырғызстанның жаңа басшылары Ақаев және оның туыстары талай қаржыны жымқырған, 180 компанияға қожалық жасаған дейді.
XS
SM
MD
LG