Accessibility links

Иранда кейбір сайлау бюллетендері қайта саналмақ


Ирандағы президент сайлауының бірінші турында шығып қалған бас реформашыл кандидат Мұстафа Мойн 24-шы маусымға белгіленген сайлаудың екінші турын барлық шағымдар тексеріліп болғанша бір аптаға шегіндірген жөн деп айтты. Мұстафа Мойн сайлау әділ және еркін өткен жоқ дейді. Жұма күні өткен сайлау барысына жеті үміткердің кемінде үшеуі қазір шағым айтып отыр. Иранның Сақшылар кеңесі кейбір ірі қалаларда кез-келген 100 жәшіктегі сайлау бюллетендерін қайта санауға рұқсат берді.
XS
SM
MD
LG