Масұма Әл-Мұбарактың парламентте ант беруі салтанатында кейбір ер азаматтар, исламшыл топтардың депутаттары және кейбір рубасылары оған мазақ айтты. Кувейтте әйелдердің сайлау құқықтары 40 жылға созылған күрестен кейін, осыдан бірнеше апта бұрын ғана, қалпына келтірілген болатын. Масұма Әл-Мұбарак бүгінгі күн Кувейт әйелдері үшін салтанатты күні деді.