Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Әндіжандағы қантөгіс тәуелсіз түрде тергелуі тиіс дейді


ЛЮБЛЯНА. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшысы Дмитрий Рупель мамырдың 13-і күні Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған қантөгісті халықыралық тәуелсіз түрде тергеуге қайта шақырды. Ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша кеңсесінің өкілі Урдур Гуннардоттир Әндіжанда Өзбекстан күштері қарусыз бейбіт тұрғындарға оқ атқан деді. Гуннардоттирдің айтуынша, Әндіжанда бейбіт тұрғындар заңнан тыс өлтірілген, әскер оқ атқанда ешқандай ескерту жасалған жоқ. Әндіжанда нақты қанша адамның мерт болғаны белгісіз. Аталған ұйымның есептеуінше, 500-дей адам өлтірілген. Бірақ ресми Ташкент 176 адам құрбан болды дейді.
XS
SM
MD
LG