Accessibility links

Әндіжандағы толқуларды тергеп жатқан Өзбекстан комиссиясының баяндамасына сәйкес, Әндіжандағы оқиға елден тыс жерден алдын ала жоспарланған


ТАШКЕНТ. Әндіжандағы қанды оқиғаларды тергеп жатқан Өзбекстан парламентінің комиссиясы алдын ала әзірлеген баяндамасын жариялады. Комиссия басшысы Мухаммадилхан Юлдашев Әндіжандағы зұлымдық елден тыс жерден алдын ала жоспарланған деді. Юлдашевтың айтуынша, ұйымдастырушылар елде тұрақсыздықты орнатып, Өзбекстан үкіметін биліктен құлатпақшы болған. Тергеу жұмысына сәйкес, кейбір ресми өкілдер жағдайға немқұрайлы және жауапкерсіз болған деп атап көрсетті Юлдашев. Бірақ ол нақты ресмилердің атын атамады. Сонымен қатар, Юлдашев жақын арада бір топ шетел дипломаттары Әндіжанға барады деді. Ресми Ташкент Әндіжандағы қантөгісте 176 адам қаза тапты десе, халықаралық құқық қорғаушылар 500-ден астам адам өлтірілген дейді. Кеше Өзбекстан полиция қызметкерлері наразы топқа Әндіжандағы қантөгістің 40-күндігін атап өтуге мүмкіндік бермеген.
XS
SM
MD
LG