Accessibility links

БҰҰ Қырғызстан үкіметін босқындарды Өзбекстанға қайтармауға шақырады


ЖЕНЕВА. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша өкілі Луис Арбур және босқындар агенттігі басшысы Антонио Гутеррестің бірлескен мәлімдемесіне қарағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қырғызстан үкіметін баспана сұраған Өзбек босқындарын үйлеріне оралуға мәжбур етуін тоқтатуға шақырады. Бұл мәлімдемеде егер Өзбек босқындары Өзбекстанға қайтып барса, онда Өзбек билігі оларды қинауы мүмкін делінген. Өзбекстанның Әндіжан қаласында мамыр айында орын алған қанды оқиғалардан кейін жүздеген Өзбекстан азаматы Қырғызстанға босып кеткен болатын. Әндіжанда нақты қанша адамның мерт болғаны белгісіз. Құқық қорғаушылардың есептеуінше, 500-дей бейкүнә адам өлтірілген. Бірақ ресми Ташкент 176 адам құрбан болды дейді.
XS
SM
MD
LG