Accessibility links

БҰҰ-ның босқындарды Өзбекстанға депортациялауға қарсылығына қарамастан, Қырғызстанның Бас прокуроры өзбекстандық 29 босқынды өз еліне қайтарамыз деді


Бас прокурор Әзімбек Бекназаров бұл адамдар Әндіжандағы ереуілдер кезінде түрмеден босатылған қылмыскерлер деп атап көрсеткен. 13 мамырда үкіметтік күштер шерушілерге қарсы оқ атып, оларды күшпен басып-жаншығаннан кейін, мамырдың 14-күні 500-ге таяу адам шекара арқылы Қырғызстанға өткен болатын. Билік тарабы ел "қанды жұма" атап кеткен сол оқиғада қаза тапқандар саны 176 деп мәлімдесе, адам хұқтарының белсенділері құрбан болғандар бұдан әлдеқайда көп деп отыр.

Қырғызстан, сондай-ақ, баспана іздеген төрт адамды да қайтарып жіберген болатын. БҰҰ мен Халықаралық адам хұқтары ұйымдары Қырғызстан үкіметін халықаралық талаптарға сай жауап бере отырып, босқындарды олар қашып шыққан Өзбекстан еліне қайтаруды тоқтатуды сұраған еді.
XS
SM
MD
LG