Өзбекстан Бас прокурорының бірінші орынбасары Әнуар Нәбиев олар Түркістан Ислам қозғалысы, Хизб-ут-Тахрир, Акрамия топтары деп атап көрсетті. Нәбиев шағын топтарға бөлінген осы үш ұйымның адамдары Өзбекстан мен Қырғызстан территориясы арқылы Әндіжандағы қарсылық ереуілдерін басқарған дейді.
Сәрсенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Өзбекстанның Әндіжан оқиғасы турасындағы тексерулер қорытындыларын қостап, бұл ереуілдерге исламдық экстремистік топтардың қатысы болғандығы жөнінде Мәскеудің де барлау деректері бар дегенді айтты.