Кемінде алты ауған азаматы және екі неміс сарбазы қаза тапты. Жарылыс болған сәтте ауған жасағының басшысы табылған қару-жарақ қоймасын тапсырып жатқан делінеді. Бұл туралы Құндыз провинциясының әкімі Мұхамад Омар айтты, Германия әскери өкілдері мәліметті әзірше растаған жоқ. Ауғанстан солтүстігінде қызмет ететін Германия жасағының бір мақсаты – қару-жарақты жинау және залалсыздандыру.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес