Accessibility links

Махмұд Ақмеденижат үкімет жасақтауын бастамақ


Иранның жаңадан сайланған президенті Махмұд Ақмеденижат үкімет жоспарын және ел беталысын анықтай бастайды деп күтіліп отыр. Махмұд Ақмеденижат «елімізде шынайы, мықты ислам қоғамын орнатайық» деп шақырды. Жұма күні өткен президенттік сайлаудың екінші турында Теһран қаласының әкімі, қатаң діни консерватор Махмұд Ақмеденижат байыпты бағыттағы саясаткер, бұрынғы президент Ақбар Рафсанжаниді үлкен басымдылықпен ұтты. Махмұд Ақмеденижат кеше сайлаушыларына алғыс айтып, отандастарын араздықты басуға шақырды. Рафсанжани болса билік сайлауға қол сұғып, барлық амалын жасады деді, бірақ шағым жасамайтынын айтты. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Иран сайлауы аймақтағы демократиялық дамуға сай өтпеді деді. Британия, Франция және Германия Иран қарама-қайшы ядролық бағдарламасы жайында Еуропа Одағымен келіссөзін жалғастырса жөн деп үміт білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG