Accessibility links

Владимир Путин германиялық ірі бизнесмендермен кездеспек


Ресей президенті Владимир Путин бүгін Санкт-Петерборда Германияның бір топ ірі бизнесмендерімен кездеспек. Германия – Ресейдің бас экономикалық серігі, Ресей сыртқы саудасының он пайызы Германия үлесінде. Ал кеше Путин мұнда бір топ американдық ірі бизнесмендермен жүздесіп, Ресейде шетел инвесторларына қолайлы жағдай жасалады деп уәде айтты. Кейбір Ресей ақпарат құралдары Мәскеу таяуда құлдырау алдына әкелінген "ЮКОС" мұнай компаниясының жағдайында шетел инвесторларын қайта өзіне қаратпақ дейді.
XS
SM
MD
LG