Accessibility links

Иранның жаңа президенті АҚШ пен Иранның қарым-қатынасын қалпына келтірудің қажеті жоқ деді


ТЕҺРАН. Бүгін Иран сыртқы істер министрінің өкілі Хамид Реза Асефи Махмұд Ахмадинежад президент болып сайланған соң Иран өзінің ядролық бағдарламасына арналған келіссөздерді Еуроодақпен одан әрі бұрынғыдан да қатты бағытты ұстап жалғастырады деп мәлімдеді. Аталған келіссөздерге Ұлыбритания, Франция және Германия қатысып келеді. Бұл елдер Ираннан оның уран байыту әрекетін тоқтатуды талап етіп, оның орнына экономикалық жеңілдіктерді ұсынып келеді. Иранның жаңадан сайланған президенті Махмұд Ахмадинежадтің атап көрсетуінше, бұдан 25 жыл бұрын үзілген АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынасын қайта қалпына келтірудің қажеті жоқ. Америқа Құрама Штаттары Иран жасырын түрде ядролық қаруларды дамытпақшы деп айыптап келеді, бірақ оны Иран жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG