Accessibility links

Хавиер Солана Еуроодақтың Иранға байланысты саясаты өзгермейді деді


ТЕҺРАН. Иранның жаңадан сайланған президенті Махмұд Ахмадинежад байыпты үкімет құрамын деп үәде берді. Президент сайлауында жеңіске жеткен соң Ахмадинежад оның үкіметі байыпты және байсалды саясат жүргізетін болады деді. Ал АҚШ Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Иранның жаңа президенті “демократияның досы емес” деп айыптады. Ал Еуропалық Одақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша басшысы Хавиер Солана Еуроодақтың Иранға байланысты саясаты өзгермейді, Теһранның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздер одан әрі жалғасатын болады деді.

Сонымен қатар, бүгін Халықаралық атом энергиясы бойынша агентік өкілдерінің Иранға сапары басталды. Америка Құрама Штаттары Иран жасырын түрде ядролық қаруларды дамытпақшы деп айыптап келеді, бірақ Иран оны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG