Рим католиктерінің шіркеуі Иоанн Павел Екіншіні әулиелер санатына өткізу шараларын бастамақ бүгін. Дәстүрлі мәжіліс Ватикан қаласында өтпек, онда екі тұлға сөз жарыстырады, екінші көкекте қайтыс болған Иоанн Павелдің өмір жолын, ел ішіндегі беделін саралайды. Бір тұлға талқыға салынатын кандидатты жақтаса, екінші тұлға сыни бағытта сөйлейді. Әдетте қасиеттілер санатына жатқызу үшін кандидаттың өлімінен кемінде бес жыл өту керек. Дегенмен, қазіргі Рим папасы Бенекдит Иоанн Павелдің мәселесін ертерек қараса болады деп тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі