Accessibility links

Молдованың бұрынғы қорғаныс министрі сотқа тартылды


Молдовада кеше бұрынғы қорғаныс министрі Валерий Пасаттың соты басталды. Пасат 1997 жылы Америка Құрама Штаттарына 21 ұшақты тым арзан сатып жіберді, мұның салдарынан қазна 55 миллион доллар жоғалтты деп айыпталып отыр. Құпия мәлімет қаралады деген желеумен сот жабық есік жағдайында өткізілмек. Бұрынғы қорғаныс министрінің адвокаты куәлікке АҚШ әскери өкілдерін шақырамыз деді. АҚШ-тың сол кездегі қорғаныс министрі Уильям Коэн Молдова ұшақтары "Иран сияқты зұлым елдердің" қолына түспесін деп сатып алынған болатын деді.
XS
SM
MD
LG