Нью-Йорк биржасында дүйсенбі күні кешкісін мұнай бағасы тағы өсе түсті – бір баррельдің құны 60 доллар 54 центке жетті. Жұма күнгі саудаға қарағанда бұл 70 центке қымбат. Тамыз айында сатылатын мұнайдың бағасы бір баррель үшін 60 доллар 95 центке жетті. Сарапшылар мұнай бағасының өсуіне әлемдік сұраныстың ұлғайып тұрғаны және Иранның жаңадан сайланған президенті Махмұд Ақмеденижеттің Иран компанияларына жолды кеңірек ашамыз дегені әсер етті дейді.