Лукин үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін бағдарлама жобасын одан әрі жетілдіру ісіне белсене атсалысуға шақырып, олардың ұсыныстары мен талап-тілектері міндетті түрде ескерілетінін атап өтті. Ал, бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдиннің баспасөз хатшысы болған журналист-саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жемқорлық жайындағы мақалалар тапсырыспен жазылған:
- Материалдар шығып жатқаны белгілі. Оған ешкім назар аударып жатқан жоқ. Көбінесе тапсырыс бойынша болып отырған мәселелер. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Бәлкім бұл қазір биліктің көңіліне жақпайтын адамдардың бизнесіне қол сұғу үшін жасалуы мүкін. Өйткені, істесе неге баяғыдан істемеді.
Журналист-саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша, өркениетті елдерде жемқорлық жайлы жазылған мақалалардың кейіпкерлері өздеріне қозғалатын қылмысты істерді күтпей-ақ, қызметтерінен кетеді, ал, Қазақстандағы жағдай мүлде өзгеше дейді ол:
- Өкінішке орай, әлі Қазақстан өркениетті мемлекет деңгейіне жете қойған жоқ. Олай болса «Қазақгейт» мақаласы бойынша Назарбаевтің өзі отставкаға кетуі керек қой.
«Азаттық» радиосы тілшісінің бұл орган неліктен қазір құрылып жатыр деген сұрағына Қаржы полициясының ақпараттық талдау департаментінің инспекторы Нұрғали Ахмет былайша жауап берді:
- Бұл органнның пайда болу себебі - президенттің жарлығы. Үкімет резервінен қаржы бөлініп жаңа қызмет құрылады. Ақпарат келіп түседі. Оны рас па өтірік пе екендігін тексереміз.
«Журналисты в беде» қорының президенті Розлана Таукинаның пікірінше, қаржы полициясы жанынан құрылған орган - президенттік сайлау алдында жасалған шара. Өйткені, бұған дейін журналистік тергеулерге билік ешбір әрекет жасамаған, дейді ол. Мысал ретінде Розлана Таукина «Қазақстан темір жолы» және «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы жемқорлық туралы мақалаларды келтірді.
«Азаттық» радиосы тілшісінің бұған дейін жарыққа шыққан «Қазақстан темір жолы» және «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы жемқорлық туралы мақалаларға шара қолданыла ма деген сұраққа Қаржы полициясының ақпараттық талдау департаментінің инспекторы Нұрғали Ахмет былайша жауап берді:
- Біз ондай нелермен айналыспаймыз. Қазір тек қана мемлекеттік бағдарламамен айналысамыз. Ол бойынша бізде шұғыл құрамдар бар. Солар айналысатын шығар.
Розлана Таукинаның пікірінше, қаржы полициясы жанынан құрылған орган ұсақ шабақтарды ұстап, ірі шортандарға тиіспейді. Өйткені, қазір «Алматы жер» кәсіпорыны тұрғындардан жердің әр телімін 5 мың доллардан сатып алып, оны инвесторларға 50 мың долларға сатып жатқаны белгілі. Бірақ, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ дейді Розлана Таукина.
Ал, Қазақстан журналистер одағы төрағасы Сейтқазы Матаевтың айтуынша, қаржы полициясының жанынан құрылған орган жемқорлық жасаған адамдармен емес, журналистермен күресіп кетуі мүмкін.
Кеңес кезінде әр мақалаға жауап беретін. Ертең бізді сотқа апармайды ма? Ойбай мыналар жазды, дұрыс емес, деп. Мен содан қорқып отырмын.
Бұған дейін, Бас прокуратура жанынан қаржыны бақылайтын жаңа орган құрылғандығын хабарлаған болатынбыз. Бас прокуратураның тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан экономикасының 20-30 пайызы көлеңкелі экономикада жүр. Осы жағдайды өзгерту үшін, валюта айырбастау пунктері, казинолар және екінші деңгейдегі банктерден өткен қаражат тексеріледі деп хабарланған.