Accessibility links

Бір жылдан астам уақытқа созылған келіссөздерден кейін Франция миллиардтаған доллар тұратын тәжірибелік термоядролық реакторды өз жерінде тұрғызуға келісті


Мұндай шешімді кеше Мәскеуде Халықаралық тәжірибелік термоядролық реактор жобасына қатысушы алты жақтың өкілдері қабылдады. Олар -Ресей мен АҚШ, Жапония, Европа одағы, Қытай мен Солтүстік Корея. Жобаның жалпы құны 13 миллиард доллар болады. Франция президенті Жак Ширак мұндай шешімге өзінің қанағаттанушылығын білдіріп, бұл Франция үшін үлкен қолдау деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG