Үшінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары өткен жылы жұмыстарына бір ай бұрын ерте кірісті. Өйткені, Қазақстан президенті екінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарын 2004 жылдың бірінші қарашасында таратып, үшінші қарашадан бастап жаңа сайланған депутаттарды шақыруға қол қойды. Сол кезде қазақстандық сарапшылар «Екінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының бір ай бұрын ерте таратылуына, бұрынғы Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың 2004 жылдың қыркүйегінде өткен парламент сайлауының заңсыз өткендігі жөніндегі мәлімдемесі себепші болды» деген еді. Содан бері сегіз ай өтті. Спикер Орал Мұхамеджанов Мәжілісті басқарған сегіз ай ішінде 80-ге жуық заң жобасы мақұлданғанын жеткізді. Оның сөзінше, сегіз айдың ішіндегі ең көңілге қонымды болған тұс - ақпандағы Президенттің жолдауы болған. Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов сондай-ақ Мәжілістегі отырыстардың тартысты өткенімен ерекшеленетіндігін де айтты.
Ал үшінші шақырылымда сайланған Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов сегіз ай бойында атқарған жұмысы өз көңілінен шыққанын айтады. Мәжіліс депутаттарының бірі Мұхтар Шаханов сегіз ай бойында мемлекеттік тілдің пәрменін көтеру үшін күресумен болғанын айтады.
- Ол сөзіме билік құлақ аспаса да, қоғамдық пікірге қозғау салдық, - дейді.
Мұхтар Шаханов алдағы екі ай демалысында мемлекеттік тілге байланысты заң жобасын әзірлейтіндігін де жеткізді. Ал енді бір депутат Бекболат Тілеухан өзінің сегіз ай ішінде жолдаған депутаттық сауалдарының біреуіне де үкіметтен тиімді жауап ала алмағандығын айтады. Сенатор Уалихан Қайсар болса, халықаралық коммерциялық емес ұйымдар туралы заң жобасын қабылдау арқылы демократияның дамуы жағынан шегініс жасадық дейді.
Екінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған, Коммунистік партияның жетекшісі Серіколсын Әбділдин бұл парламентті заңды деп санамайтынын айтады.
- Олар өз ойыменен өз шешімін қабылдай алмайтын адамдар. Елбасы не ұсынса, сол болады. Сондықтан, мен парламенттің жұмысын жақсы деп айта алмаймын, - дейді Серікболсын Әбділдин.
«Жас қазақ» газетінің парламенттік тілшісі Төленді Зәрубайұлы Қазақстан парламентінің кәсіби біліктілігі төмен деген баға береді.
- Депутаттардың марғаулығы мені қатты қынжылтады. Қыр астында президент сайлауы тұр. Сол кезде депутаттардың барлығы көрініп, жағымпаздануға тырысады. Сонымен қатар депутаттардың дені еркін ойлы пікірлерге үйренбеген, - дейді Төленді Зәрубайұлы.