Ағылшынның сыртқы істер министрі Джек Строу Британия өзінің Европа одағындағы президенттік мерзімін Одақ бюджетінің қабылдануында табыстарға жетуге арнайды деп атап көрсетті. Британияның Одақ президенті ретінде бетпе-бет келетін мәселесінің бірі ол - Франция мен Нидерланды Конституцияны мақұлдамағаннан кейінгі жерде Одақтың өз ішінде қалыптасқан күрделі жағдай.