Хабарларға қарағанда полиция олардың бірқатарын ұстаған, ал тағы біраз адам полиция шерушілерді таратпақшы болғанда түрлі жарақат алған көрінеді. Шерулер екі бәсекелес дзюдошы Алексей Давиташвили мен Георгий Ревазишвили қоқан-лоқы жасады деген айыппен қамауға алынғаннан кейін өріс алған болатын. Оппозиция жетекшілері де спортшыларды қорғап, көшеге шыққандарға қолдау білдіріп, өз үндерін қосты.