Назарбаев бұл пікірін маусымның соңғы күні кешкісін Астанадағы «Ақ орда» резиденциясында, баспасөз құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтау жиынынан соң өткен баспасөз мәслихатында шетелдік журналистке берген жауабында білдірді. Бас-аяғы бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бұл баспасөз мәжілісі әдеттегіден өзгешелеу болды. Журналистер әр салаға қатысты сұрақтар қойғанымен, үлкен саясатқа қатысты сұрақтар кемде-кем болды. Алдағы президент сайлауына мемлекет басшысына сұрақ қойғысы келген «Азаттық» радиосы тілшісіне президенттің баспасөз қызметі уақыт аз қалды деп сылтаумен ол сұрақты қойғызбады.
Кезінде оппозициялық «21 ғасыр» газетін басқарған, ал қазірде Қазақстанда орыс тілінде жарық көретін «Central Asia Monitor» апталық басылмының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин президенттен оппозициялық басылымдарда көтеріліп жүрген шекара мәселесіне қатысты көзқарасын сұрады. Бұл сұраққа президент былайша жауап берді:
- Басқа ақпарат құралдарында оппозиция тарапынан айтылып жатқан сөз өздері ештеңе шеше алмаған соң болады, сондай сынайтын, мінейтіндердің өздері шешсе - баяғыдан бері қайда жатыр? Әрине, оңтүстіктегі көршілермен оңай болған жоқ. Әсіресе, Қырғызстан, Өзбекстанмен кейде үйдің ортасымен шекара жүрген. Кеңес одағы кезінде оған ешкім көңіл бөлген жоқ. Сонда мына жақтағы қазақтарды бері көшіруге тура келді. Барам деген өзбектерді оларға беруге тура келді.
Президенттің осы айтқанына байланысты «Азаттық» радиосына пікірін білдірген саясаттанушы, кәсіби дипломат Болатхан Тайжан бұл мәселеде жариялылық аз дейді:
- Шынында да бұл мәселені оппозиция шешпейді. Оны мемлекет, үкімет шешеді. Ал, оппозиция шекара мәселесін көтеріп айтуға қақысы бар. Қалай шешілді? Біз пайда тапқан шығармыз. Ал, мүмкін зардап шеккен шығар? Біз оны білмейміз. Не болмаса Каспийдегі газ-мұнай қоры бар жерлер Ресеймен бірдей пайдаланатын жағдайға ауысты дейді. Оны да ешкім білмейді...
Бейсенбі күні өткен баспасөз маслихатында қазақстандық журналистер президенттің қандай автокөлікті, жылқыны ұнататын және қандай әндерді сүйіп тыңдайтынын сұрады. Ал сауал қоюға рұқсат берілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілдері саяси мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. «Рейтер» агенттігінің тілшісі президент Назарбаевтан өткен мамыр айында Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған оқиғаларға қатысты көзқарасын және Қазақстанда дәл осындай жағдай қайталанса, нендей шаралар қолданылатындығын сұрады. Оған жауабында президент Назарбаев «егер» деген сұраққа жауап беру қиын, сондықтан нақты фактілер бойынша әңгіме жүргізейік деді.
- Егер де қарулы адамдар түрмені басып алып, бандиттерді босатып жатса, оған қалай қарау керек? Мысалы, Израильде лаңкесшілермен ешкім келіссөздер өткізбейді. Неге бұл жерде өзгеше болу керек? - деді президент Назарбаев.
Саясаттанушы Болатхан Тайжан болса президент Назарбаевтың Орталық Азияны тің Израилмен салыстырғанын орынсыз деп санайды:
- Салыстыруға келмейді. Израильдің террорист деп жүргені - палестиндіктер. Ал, олар қазір Израильмен соғыс жүргізіп жатыр. Біздегі жағдай басқаша. Террорист деп кімді атайды? Ол белгісіз. Билік кімді террорист деп атаса, Израилдегідей оларды қырып-жоятын жағдай емес бұл арада.
Президент өткізген баспасөз маслихатына қатысқан әр журналистке президенттің соңғы уақытта баспадан шыққан «Еуразия жүрегі» атты кітабы мен елдегі реформалар жазылған компьютерлік диск таратылды. Ал, баспасөз жиынынң алдында президент Назарбаев өзінің биылғы жылғы Жолдауымен Қазақстан аймақтарына жасаған сапарлары жайлы айтты. Және журналистердің көбі өз сұрақтарын президенттің жолдауына қатысты қойды.