Accessibility links

Бүгін "Үлкен Сегіздік" тобының саммиті ашылады


Бүгін Шотланияның Гленеглис курортында "Үлкен Сегіздік" тобының саммиті ашылады. Осыған орай Британия аса үлкен қауіпсіздік шараларын іске асырып жатыр, жиын қауіпсіздігін қамтуға 10 мыңнан аса офицер қатыстырылды. Гленеглис курортының маңында сегіз шақырым қорған қойылды. Шотландия полициясы шерушілер тарапынан қақтығыс жасалса қолма-қол шара қолданамыз деп ескертті. Британия, АҚШ, Франция, Италия, Германия, Канада, Жапония және Ресей сияқты өнеркәсібі аса дамыған сегіз елдің басын қосқан ұйым жиналысына орай мыңдаған бейбіт белсенділерде жиналды, олар ұйым басшыларына өз наразылықтарын білдірмек.
XS
SM
MD
LG