«Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының баспасөз қызметкері Миргүл Жылқышиеваның айтуынша, Қазақстандағы сегіз мыңға жуық мектептің 5413-і Интернетке қосылған.
- Алдағы уақытта байланысы жоқ ауыл мектептерін телефон және Интернет желісімен қамту қатар жүргізілмек,-дейді Миргүл Жылқышиева.
Астанадағы «Руханият» орталығының директоры Тоқтасын Өмірзақов, Интернет жүйесінің ауыл мектептеріне дейін жеткізілгені қуанышты жайт болғанымен, алдымен компьютер жүйесін толығымен қазақшаға айналдырып алмай ауыл тұрғындарына оны толық игеріп келет алмайды деген пікірде. Өйткені, қазір ауылдық мектептердегі оқушылар ақпараттарды негізігнен тек ағылшын және орыс тілдерінде ғана алып отыр дейді ол. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Мирас» университетінің ректоры Болат Атымтаев болса, біраз уақыттан бері өзінің компьютерді қазақша сөйлету жөніндегі бастамасы қолдау таппай келе жатқандығын айтады. Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы жақын арада республикадағы компьютерді қазақша сөйлетуге талпынып жүрген фирмалар арасында байқау болатындығын, соған сәйкес таңдау жасалып, шешім шығарылатындығын айтып отыр.
Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының баспасөз қызметкері Миргүл Жылқышиеваның айтуынша, биылғы жылы ауылдағы телефон байланысы мен Интернет жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен бір миллиард 264 миллион теңге жұмсалмақ.