АСТАНА. Бүгін Астанада Ресейдің Роснефть мұнай компаниясы мен Қазақстанның Қазмұнайгаз компаниясының басшылары Қазақстанның Құрманғазы мұнай кенішін бірлесіп дамытуды одан әрі жалғастыру туралы келісіміне қол қойды. Қол қою салтанатына Ресей президенті Владимир Путин және Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.