ШОТЛАНДИЯ. Бүгін “Үлкен сегіздікке” мүше өндірісі дамыған елдердің басшылары Шотландияда жиналады. Кездесу барысында талқыланатын мәселелердің бірі кедей Африка елдерінің берешегі. Бұл саммиттің қарсаңында полиция мен ереуілшілер арасында қақтығыс болып, 2 наразылық танытушы қамауға алынған. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, Стирлингте орын алған қақтығыстан ешкім жараланбаған. “Үлкен сегіздікке” енетін елдер: Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия, Германия, Канада, Жапония және Ресей.
Бүгін “Үлкен сегіздік” саммитінің қарсаңында полиция мен ереуілшілер арасында қақтығыс болды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"1937 жылдағыдай"
Құқық қорғаушы бейүкіметтік ұйымдарға қысым күшейді
-
"Алексейге бостандық"
Владивостоктан Мәскеуге дейін. Ресейде Навальныйды босатуды талап еткен митингілер өтті
AzattyqTV