Accessibility links

Сунниттердің жоғары дәрежелі діни жетекшісі шейх Мохаммед Саид Тантауи әл-Ажар Ирақта кепілдік тұтқынына алынған мысырлық дипломат Ихаб әл-Шарифті тез арада босатуға шақырды


Ол мен Ислам дінінің және бүкіл адамзат атынан өтінемін деп атап көрсетті. Шейх Мысыр теледидарынан сөйлеген сөзінде адам баласы үшін жат қылықтарға барған кісіні Алланың өзі жазалайды деген. Тантауи дипломат әл-Шариф Ираққа өз елі үшін қызмет етуге барды, ол ирақтықтарға зәбір-жапа көрсеткен жоқ деді. Интернетте жаңадан пайда болған хабарламада әл-Қайда жетекшілерінің бірі Әбу Мұсаб әл-Зарқауидың Мысыр дипломатын жазалап, өлтірдік деген сөздері берілген. Бірақ, бұл мәлімдеме бірден растала қоймаған.

Ирақта шииттер басым болса, Египетте сунниттер басым көпшілік. Бүгін Ирақтың Мосул қаласында орын алған жарылыс-қақтығыста үш адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG