Accessibility links

Бүгін Британия астанасының орталығында қоғамдық көліктерде орын алған сериялы жарылыстарда кемінде 33 адам құрбан болып, 190 кісі түрлі жарақат алған


Алдымен Лондонның орталығында бір автобус ішінде жарылыс болды деп хабарланды. Одан сәл бұрынырақ Лондон метросында болған жарылыстарда бірнеше адам жараланды және метро қозғалысы жабылды деген болатын куә болғандар. Британияның ішкі істер министрі Чарлз Кларк жарылыстар зардабы өте ауыр деп, жараланғандар мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты:

- Бұл жантүршігерлік жағдайға тап болғандарға көмектесу үшін медицина қызметкерлері дереу оқиға болған жерлерге жетті. Мен жараланғандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына үкімет атынан көңіл білдіремін.

Осыдан бір күн бұрын ғана Британия астанасы 2012 жылы Олимпиада ойындарын өткізу хұқын жеңіп алған болатын. Ал Шотландияда өтіп жатқан Үлкен сегіздік елдерінің саммитіне Британияның төрағалық етіп жатқандығы белгілі.
XS
SM
MD
LG