Accessibility links

Ирақ араб және мұсылман елдеріне қайырылды


Ирақ араб және мұсылман елдеріне қайырылып, терроризмге қарсы күрес парыздарыңызды өтеңіздер, Бағдадқа елшілеріңізді аттандырыңыздар деп үндеу айтты. Бұған бір себеп - Египет үкіметі Ирақтағы елшісінің қаза болғанын растады. Әл-Шариф Бағдадта сенбі күні көшеден әкетілген. Египет президенті Хосни Мүбәрәк Ирақ халқына қолдауымызды шектемейміз деп мәлімдеді. Египет елшісінің ажалын "Әл Қаида" ұйымының Ирақтағы бөлімшесі мойнына алды. Ирақ президенті Жалал Талабани шетел исламшыл экстремистерінен жасақталған "Әл Қаида" сияқты топтарды қырып жоюға шақырды. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Египеттің Ирақтағы елшісі Ихаб Әл-Шарифтың өлтірілуіне сөгіс айтты.
XS
SM
MD
LG