ЛОНДОН. Бүгін өткізген баспасөз-маслихатында Лондон полициясының басшысы Брайан Паддиктің мәлімдегеніндей, бейсенбі күні Лондон метросының поездарындағы 3 жарылғыш та шамамен бір сәтте іске қосылған. Оның атап көрсетуінше, бұл жарылыстарды іске асыру үшін арнайы сағат - таймер қолданылған. “Оқиға болған жерде техникалық мәліметтерге қарағанда, Лондон метрополитенінде болған 3 жарылыстың шамамен таңғы сағат 8.50-де бірінен соң бірі жарылғанын айғақтайды” деп мәлімдеді Б.Паддик. Метродағы 3 жарылыс пен екі қабатты жолаушы автобусындағы 4-інші жарылыстың салдарынан 50-ге жуық адам қаза болды. Бірақ олардың саны арта түсуі мүмкін. Полиция метроның Рассел-Скуайэр стансасында қанша адамның денесі жатқанын айта алмайды.