Accessibility links

Қырғыз сайлаушыларының 53 пайыздайы жергілікті уақытпен түскі сағат бір кезінде дауыс беріп үлгерген


Ең белсенді сайлаушылар оңтүстіктің, оның ішінде Ош қаласының тұрғындары болып отыр. Жалпы ел бойынша 2 миллион 600 мыңдай азаматтар сайлауда дауыс беруге хұқылы. Елбасы міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев бұл шын мәніндегі тұңғыш әділетті сайлаулар болмақшы. Ешкім ешкімге қысым жасап, немесе кімге дауыс беру керектігіне кеңес беріп жатқан жоқ, деді. Сайлаулар барысында кемшіліктердің орын алғандығы да айтылуда. Наурыздың соңында бұрынғы елбасы Асқар Ақаев орынынан қуылғалы бергі аралықта аталған сайлауларды өткізу қажеттігі туындаған болатын.
XS
SM
MD
LG