Accessibility links

К.Харрази: “Жаңа президенттің билікке келуімен Иранның ядролық саясаты өзгермейді”


ТЕҺРАН. Бүгін Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харази Иранның ядролық саясаты жаңа сайланған президент Махмуд Ахмадинеджадтың алдағы айда президент тағына отырғаннан кейін де өзгеріссіз қала береді деп мәлімдеді. Шетелдік елшілер Иран төңкерісінің бұрынғы сарбазы Ахмадинеджад Иранның осы күні бет бұрған ядролық саясатын нығайта ма деп үміттенген болатын. Алайда шетелдік елшілермен Теһрандағы бүгінгі кездесуінде К.Харрази Иранның ең маңызды саясатын елдің рухани басшысы аятолла Әли Хаменеи анықтайды, ал үкімет рухани көсемнің осы белгілегенін орындауға тиіс деп атап көрсетті. Ал Иранның ядролық бағдарламасы, оның айтуынша, осы маңызды саясатқа жатады және ол саясат өзгермейді.
XS
SM
MD
LG