ТЕҺРАН. Бүгін Теһран университетінің алдында белгілі саяси диссидент Ақбар Ганджи мен басқа да саяси тұтқындарды босатуды талап етіп шеруге шыққан студенттер мен оларды қуып таратуға жиналған полиция өзара қақтығысып қалды. Ганджидің зайыбы Массуме Шафидің хабарлауынша, ұзақ аштықтың салдарынан күйеуі ауыр күйде жатыр. Оның айтуынша, “аштық жариялағаннан бері Ақбар Ганджи 20 келіден де көп азып, салмағы 55 келіден аспайды; күш-қуаты сарқылып, жүзі сарғайып әзер сөйлейді, денсаулығы онша болмаса да, рухы әлі берік”.