КАРАЧИ. Бүгін Пәкістанның оңтүстігінде 3 пойыз апатқа ұшыраған. Оның салдарынан кемінде 150 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды деп хабарлайды Пәкістан полициясы. Ресми өкілдердің айтуынша, бұл қақтығыс Синдх провинцияның жанында жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-те болған.