Британияның лаңкестік әрекеттерге қарсы күрес полициясы өткен аптадағы Лондонда болған лаңкестік шабуылдарға байланысты зерттеулерін одан әрі жүргізуде. Сәрсенбі күні аталған күштер Лондоннан солтүстік-батысқа қарай орналасқан Айлесбури қаласындағы бір үйді тексерді. Бұл үйдің неге тексеруге ілінгені жөнінде полиция ешнәрсе айта қоймады. Ресми деректерге қарағанда, жаңадан күдікке ілінгендер мен тұтқындаулар бола қоймаған. Полиция қызметкерлерінің айтруынша, Лондондағы шабуылдарды жүзеге асырған төрт адам да Пәкістан текті Британияда туылғандар екен. Еуропа одағының İшкі істер және Әділет министрлері сәрсенбі күні кезектен тыс басқосуға жиналды. Лаңкестік топтарды қаржыландыру көздерін жойып, сондай-ақ Еуропа одағы бойынша құпия қызметтер арасында әріптестікті одан әрі нығайтуға министрлер келісті.
Бүгін Еуропа одағына мүше 25 елде, түс кезінде, Лондондағы шабуылдар барысында қаза болғандарды екі минуттық үнсіз еске алу болмақшы
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?
-
Азаттық зерттеуі
Дубайдағы Қазақстан. 1-бөлім