Accessibility links

«Наурыз-банкке» қатысты шатақ мәселе қылмыстық істің қозғалуына ұласты


Қазақстан заң орындары бүгінде қызметі тоқтатылған «Наурыз-банк» басшылығының үстінен қылмыстқ іс қозғады. Ал аталмыш банктің бұрынғы басшысы Оразалы Ержанов, өткен айдың соңында баспасөз арқылы, бұл банктегі күмәнді қаржы операцияларына Қазақстанның жоғары билігі өкілдерінің және соларға жақын адамдардың қатысы болғаны туралы мәлімдеп, шатақ мәселенің бетін ашқан болатын.

Маусымның 30-күні «Время» апталығына берген сұхбатында «Наурыз банктің» бұрынғы басқарма басшысы Оразалы ЕРЖАНОВ осы банк құрылған кезден бастап Қазақстандағы бірқатар лауазымды азаматтардың жіберген күмәнді іс-әрекеттері жөнінде айтып, сол кезде Қазақстан үкіметін, кейіннен Президент әкімшілігін басқарған, ал қазір Алматы қаласының әкімі болып отырған Иманғали Тасмағамбетовпен қатар бірқатар жоғарлы лауазым иелерінің аттары атаған еді. Алайда, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадалау агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев шілденің 14 күні, әлгі сұхбатта аты аталғандар банк клиенттері арасында да, кредиторлар, меншік иесі, құрылтайшылар арасында жоқ екендігін екшелеп айтты. Оның сөзіне қарағанда, банктің кірісі төмен болған және ол мұны банктегі менеджменттің нашарлығымен байланыстырды.

- Қомақты клиенттер қорын жасаудың орнына ең алдымен әкімшілік ресурсты пайдалауды бағдар тұтқан банктің Қазақстанның банк жүйесінде жұмыс істемегені артық, - деді ҚР Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадалау агенттігінің төрағасы Болат ЖӘМІШЕВ.

Былтыр «Наурыз банк» басшысы Оразалы Ержанов сол кездегі үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетов арқылы банк жан-жақты әкімшілік қысым көріп отырғанын айтып, президентке хат жазып, одан кейін өзі шет елге барып бас сауғалаған. Алайда, хатты оның жазғандығы сол кезде дәлелденбеген. Ал былтыр қараша айында банк консервация тәртібіне көшіріліп, тек биыл маусым айында ғана қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі оның лицензиясын қайтарып алуға шешім шығарады.

- Мұның себебі біріншіден, жарты жыл болды «Наурыз-банк» салық нормативтерін бұзды. Екіншіден, «Наурыз-банк» клиенттері алдындағы өзі міндеттемелерін орындаған жоқ, - дейді ҚР Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадалау агенттігінің төрағасының орынбасары Қанат ДОСМҰХАМЕДОВ.

Ол енді банктің лицензиясы қайтарылып алынатындығын, ал оны сауықтаратын инвесторлардың сол күйі табылмағандығын жеткізді:

- Лицензия алынсын деген өтінішіміз сотта жатыр. Сот сол өтінішті қанағаттандырса, біздің агенттік барлық құжаттарды банктегі уақытша әкімшілікке береді.

- Банкке жаңа инвесторлар тарту мәселесі қалай шешілді?

- Инвестор іздеу процесі ашық болды. Біз барлық инвесторлардың өтінішін қарадық. Бірақ бірде-бір инвестор өзінің нақты өтінішін берген жоқ. Сондықтан, енді қазір біз ешқандай өтініштерді қарамаймыз.

Ал «Наурыз банктің» өзі 2001-ші жылы «Агропромбанк» негізінде құрылған болатын. Ол банктің Азия даму банкі алдындағы 16 миллион доллар қарызын Оразалы Ержанов өз сұқбатында аты аталмаған тұлғаның аралауымен мемлекетке қалай аудара салу механизмі жасалғандығын тәптіштеп көрсеткен. Әйтседе, қаржы ұймдарының қызметін қадағалау агенттік басшылығы бұл жәйтті толығымен жоққа шығарып отыр. Мәселен, агенттік төрағасының орынбасары Қанат Досмұхамедов Азия даму банкімен(АДБ) келісім бастапқыда-ақ үкіметпен жасалғандығын баса айтты:

- Бұл - АДБ мен банк арасындағы қарыз емес, ең бірінші біздің Үкімет пен АДБ-ның арасындағы қарыз. Қазір сол 20 миллиард доллардың 18-і қайтарылды, ал 2 миллиарды банкте қалды.

Бұл уақытта ҚР экономикалық қылмыс және сыбайласқан жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай ҚАЛМЫРЗАЕВ баспасөз арқылы «Наурыз банкті» салық төлеуден жалтарды деп қылмыстық іс қозғағандарын жария етті. Оның айтуынша, банк қазақстандық мемлекеттік кәсіпорындарды жалпы сомасы 33 млн долларға зиян шектірген. Сонымен бірге Қалмырзаев қазірде банк басшыларының бірі тұтқынға алынғаны жайлы хабардар еткенімен, оның аты-жөнін атамаған.

Ал «Әділетті Қазақстан үшін!» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Жармахан ТҰЯҚБАЙ болса, мұның барлығын Оразалы Ержановтың жоғарғы деңгейдегі сыбайласқан жемқорлықты әшкере еткен сұқбатына берген биліктің жауабы ретінде бағалайды:

- Былтырдан бері банкке қатысты тексерулер жүріп жатыр. Сол кезде емес, неге «Наурыз-банк» басшысы осы мәселені көтергенде тез арада қылмыстық іс қозғады? Сол себептен, бұл - әділеттік орнасын, қылмыс істеген адам жауап берсін деген емес, өш алу фактісі ме деген пікір бар.

Оразалы Ержановтың үлкен қоғамдық пікірге қозғау салған хатын парламенмтте жария еткен экс-депутат Төлен ТОҚТАСЫНОВ банкке қарсы шаралардың жедел қолға алына бастауын бұл істе көптеген лауазым иелерінің мүдделері қамтылғандығымен түсіндіреді:

- Оразалы Ержановтың сұқбатында айтылған адамдар - өте жоғарғы деңгейдегі шенеуніктер және мемлкет басшысына қатысты адамдар, яғни, оның туыстары, жақындары, «қисық» жақындары...

Жалпы, «Наурыз банкке» қатысты даулы оқиғаның шымылдығы жақын күндері түсе қоймайды. Мәселен, жұма күні келесі бір бұрынғы лауазымды тұлға - Ұлттық банктің экс-басшысы Григорий МАРЧЕНКОНЫҢ мәлімдемесі жария болмақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG