Accessibility links

Израиль армиясы “Хамас” тобының қару-жарақ шеберханаларына соққы берді


ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль армиясы бүгін Газа аймағына әуеден соққы беріп, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қалаларға шабуылға шықты. Армия өкілдерінің мәлімдеуінше, палестиндік босқындардың Газа аймағы мен Хан Юнис лагеріндегі экстремистік “Хамас” тобының қару-жарақ шеберханаларын жою үшін соққы берілді. Израиль армиясының Батыс жағалауға жорығы барысында ислам топтарының 26 өкілі тұтқындалды. Палестиндік партизандар Израильдің Сдерот қаласын қолдан жасаған 2 зымыранымен атқылап, одан жапа шеккен ешкім болмады. Таяу Шығыстағы ахуал Израильдің Натанья қаласындағы лаңкестік қастандықтан кейін ушығып кетті.
XS
SM
MD
LG