Accessibility links

Х.Әл-Әділ (Мысыр): “М.Ән-Нашардың Әл-Қаидамен байланысы бар деген хабар асыққандық”


ҚАЙЫР. Бүгін Мысырдың “Әл-Жумхуриа” газеті арқылы ішкі істер министрі Хабиб Әл-Әділ:

- Мысырлық биохимик Мағди Ән-Нашардың Әл-Қаида ұйымымен сыбайластығы бар деп Батыс пен араб елдерінің баспасөзі таратқан хабары асығыстық болды, - деп мәлімдеді.

Лондондағы шілденің 7-і күнгі жарылыстарға өзінің қатысы барлығын түбегейлі жоққа шығарып отырған 33 жастағы Ән-Нашарды Мысырдың құқық сақшылары Қайыр әуежайында ұстап, қазір оны тергеп жатыр. Ағылшын газеттерінің хабарлауынша, Ән-Нашардың Лидс қаласындағы жалдап тұрған пәтерінен ағылшын полициясы бірнеше келі жарылғыш затты тапқан. Жұма күні Лондондағы лаңкестік шабуылдардың алғашқы құрбандарын жерлеу басталды. Соңғы дерек бойынша, Лондондағы жарылыстарда 55 кісі қаза болды.
XS
SM
MD
LG