Accessibility links

Түрік премьері Күшадасы курортындағы жарылысты “лаңкестік” деп бағалады


АНКАРА. Түркияның Эгей теңізі жағалауындағы Күшадасы курортында шағын автобуста бүгін болған жарылыстан кем дегенде 4 турист қаза болып, басқа 14 адам, оның ішінде шетелдіктер жарақат алды. Түркия премьері Реджеп Тайып Эрдоган бұл жарылысты “лаңкестік қастандық” деп бағалады. Түрік полициясы бұл жарылысты жанпидашыл лаңкестің жүзеге асыруы немесе қол жүгіне салынған бомба болуы да мүмкін деп болжап отыр. Әзірше бұл жарылысты ешбір ұйым жауапкершілігіне алған жоқ.
XS
SM
MD
LG