Accessibility links

Британия полициясы 7 шілдедегі жарылысты жасады деп күдіктелген соңғы екі жанкештінің тұлғалары анықталғандығын растады


Лондон метрополитені полициясы Edgware roads станциясындағы жарылыс жауапкершілігі 30 жасар Мохаммед Сыдық Ханның мойнында деген. Күдіктелген төртінші адам - Ямайка тумасы 19 жасар Джермейн Линдсейдің King`s Cross-тағы 27 адамды опат еткен жарылысты жүзеге асырғандығы анықталды. Қалған екі жанкешті жарғыштар 18 жасар Хасиб Хусейін мен 22 жасар Шахзад Тануирдің шыққан тектері пәкістандық болғанымен, олар Британияда туып-өскен азаматтар. Британия премьер-министрі Тони Блэр ислам экстремизмінің зардапты тамырлары жөнінде былай деді:

- Оның түп-тамыры әріде, тереңде жатыр. Ол Пәкістандағы медреселерде, Сауд Арабиясындағы ваххабизмде, әл-Қаиданың Ауғанстандағы жаттығу лагерлерінде, Таяу Шығыс пен Азияның көп елдерінің саясатында, Европаның әрбір қаласында Батысқа, біздің өмір салтымызға деген өшпенділікті насихаттайтын экстремистер азшылығында жатыр.

Полиция кеше күдіктелген жанкештілердің төртеуінің де 7 шілде күні таңертеңгілік кездескенін куәландыратын бақылау камерасының таспасын жариялады.
XS
SM
MD
LG