Accessibility links

Таяу Шығыста теке-тірес басылмай тұр


Егер Палестина басшысы Махмуд Аббас қарулы топтарға бақылау орнатпаған жағдайда, Газа аймағына басып кіретіндіктерін Израйль өкімет басшысы Ариель Шарон жексенбі күні ескертті. Газамен шекараға мыңдаған Израйль солдаттары мен танкілері шоғырланып тұр. Соңғы төрт күн ішінде Израйль ауылдары мен мекендеріне 100-ден аса зымырандар мен миномет оқтары түсіп жатты. Израйль солдаттары Хамас басшысы Сайд Саемді және тағы бір палестиналықты өлтірді. Сондай-ақ олар Газа аймағында тағы бір көлікті атқан екен. Қарулы топтарды нысанаға алған едік, дейді Израйль әскерилері. Ал, Газадағы көшелерден Палестина полициясы болса, Хамас, Исламдық Жихад және Фатах топтарының туларын алып тастап, тек қана Палестина ұлттық туларын қалдыруда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG