ТЕҺРАН. Иран түрмесінде 1 айдан аса уақыт бойы аштық жариялап келген саяси диссидент Ақбар Ганжи ауруханаға жатқызылды. Франс-Пресс агенттігіне берген сұхбатында оның зайыбы Массуме Шафи атап көрсеткендей, Ганжи “Эвин” түрмесінен ауруханаға жексенбі күні жеткізілді. Теһран университеті студенттерінің А.Ганжи мен басқа да саяси тұтқындарды дереу босатуды талап етіп өткізген шеруін полиция күштеп таратып, бірнеше студентті қамауға алған болатын. А.Ганжи - саяси диссидентерді өлтіргені үшін ресми билік өкілдерін сынап жазған мақалалары үшін 2000 жылы 6 жыл мерзімге сотталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Халық жылдар бойы несие төлеп келе жатса да, көше неге тас қараңғы?