Accessibility links

Пәкістан елбасы Первез Мүшараф Лондонда шілденің 7-сі күні болған шабуылдарды айыптады


Исламабадтағы жастар конференциясында сөйлеген сөзінде елбасы Мүшараф мырза бомбалық жарылыстарды жүзеге асыруды қасиетті Құранда ақтап алатын сөз жоқ, деді. Ол сондай-ақ тиым салынған жастар ұйымдары Жайш е-Мұхамед және Сипах е-Сахаба атты ұйымдарды “өз идеологияларын өзгелерге таңады”, деп айыптады. Алайда, ол ұйымдардың Лондондағы бомбалық шабуылға қатысы жоқ деп ойлайтындығын да айта кетті. Сондай-ақ кейбір медреселердің экстремизм және лаңкестік әрекеттерге қатысы болуы мүмкін, деген ойын да білдірді.
XS
SM
MD
LG