Ирақ биылғы жылы Ата заң жобасын қабылдау мен жаңа өкіметті сайлауға келісетін болады, дейді АҚШ генералы Ричард Мейерс. Ол аталған мәлімдемені Британияға сапары барысында жасаған еді. Сондай-ақ Ирақта дүйсенбі күнгі түрлі шабуылдар барысында 12-дей адам қаза болған. Оның 6-уы полиция қызметкерлері екен. Тал Афар қаласында минометті атуға әзірлеп жатты, деп төрт көтерілісшіні өлтіргендерін АҚШ әскерилері айтуда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV