Accessibility links

Израильдегі әсіре “оңшылдар” үкіметтің Газадан еврей қоныстарын көшіруге қарсы шеру өткізуде


ТЕЛЬ-АВИВ. Бүгін Израиль армиясы үкіметтің еврей қоныстарын Газа аймағынан шығару жоспарына қарсы наразылыққы шыққан мыңдаған еврейдің жолын бөгеуге әрекеттеніп жатыр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, армия шеруге шыққандарды Газа аймағындағы Катиф қонысына өткізбеу үшін Кфар Мэймон қаласының маңында қоршап алды. Наразы халық үкіметтің Газа аймағынан армияны шығарудан бұрын еврей қоныстарын күштеп көшіру жоспарына тосқауыл қоймақшы. Онымен бірге Палестинаның қауіпсіздік күштері мен палестиналық экстремистердің “Хамас” тобы арасындағы шайқас қатар жалғасуда.
XS
SM
MD
LG